Спорт
1 мин оқу 700

Нұрдос Сабыр әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық Нұрдос Сабыр жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Албанияның Дуррес қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Нұрдос Сабыр әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қазақстандық ауыр атлет 89 келіге дейінгі салмақта бақ сынады.

Қоссайыс қорытындысында Нұрдос 321 келіні (145+176) бағындырып, күміске ие болды. Ол жұлқа көтеруде жеңімпаз атанса, серпе көтеруде 2-орыннан көрінді.

Барлығы 57 елден 268 ауыр атлет қатысып жатқан әлем біріншілігінде бұған дейін Ерасыл Сәулебеков 73 келіге дейінгі салмақта (137+168) 305 кг нәтижемен чемпион атанған еді.

Бөлісу: