Бокс
1 мин оқу 420

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін жариялады

<p style="text-align: justify;">Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) нұсқасы бойынша орта салмақта жеңіліс көрмеген қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой рингтегі кезекті жекпе-жегін жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Ресми түрде! Чемпион атағын екінші рет қорғап, Қазақстанның намысын асқақтатамыз! Әумин!», деп хабарлады Әлімханұлы өзінің Instagram парақшасында.

Жәнібектің қарсыласы канадалық боксшы Стивен Батлер (32-3-1, 26 КО) болды. Он екі раундқа жоспарланған жекпе-жек 13 мамырда Стоктон қаласындағы (Калифорния, АҚШ) Стоктон аренасында өтеді.

Бөлісу:
Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін жариялады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар