Қоғам
1 мин оқу 410

Алматы әкімдігі баспана сатып алуға болмайтын тағы бір тұрғын үйді атады

<p style="text-align: justify;">Алматы әкімдігі баспана сатып алуға болмайтын тағы бір тұрғын үйді жария етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Алматы әкімдігі баспана сатып алуға болмайтын тағы бір тұрғын үйді атады

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының ақпараты бойынша, интернет-ресурстарда DEMEU Residence тұрғын үй кешенінде құрылыс салушы Demeu Development-те пәтерлерді сату туралы хабарландыру жарияланған.

Алайда меншік иесі құрылысқа рұқсат құжаттарын алған жоқ. Сонымен қатар Горный Гигант 192 учаскесінде өндірістік кооперативінде орналасқан жердің мақсатты бағыты - жеке қосалқы шаруашылық жүргізу. Учаскеде құрылыс жүргізілмейді, алайда хабарландыруға сәйкес тұрғын үй кешенін биылдың IV тоқсанында тапсыру жоспарланған. 

«Қала тұрғындарын абай болуға және жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы жедел желісінің +7 (727) 229-81-36 нөмірі бойынша салынып жатқан тұрғын үй кешені құжаттарының толық пакетін тексеруге шақырамыз», делінген хабарламада.
Бөлісу:
Алматы әкімдігі баспана сатып алуға болмайтын тағы бір тұрғын үйді атады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар