Әлихан Смайылов Премьер-министр лауазымында қалды
<div class="description" style="text-align: justify;">Мемлекет басшысының <a href="https://t.me/aqorda_resmi/7678">Жарлығымен</a> Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</div>
Ерлан Қошанов Мемлекет басшысымен кездесуде Премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды.
Қолданыстағы заңнамаға сай Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен талқылады.
Әлихан Смайылов 1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды.
1999–2003 жж. — ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.
2003–2006 жж. — ҚР сыртқы істер вице-министрі, «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасы;
2006–2009 жж. — ҚР қаржы вице-министрі, «ҚазАгро» ҰБХ президенті;
2009–2014 жж. — ҚР Статистика агенттігінің төрағасы;
2014–2015 жж. — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің төрағасы;
2015–2018 жж. — ҚР Президентінің көмекшісі;
2018 жылғы қыркүйектен бастап 2019 жылғы ақпанға дейін — Қаржы министрі;
2019 жылғы 25 ақпанда Президент Жарлығымен Премьер-министрдің Бірінші Орынбасары – Қаржы министрі қызметіне тағайындалды;
2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалды;
2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-министрі лауазымына тағайындалды.