Қоғам
1 мин оқу 700

Сарбаздар қай оқу орындарында тегін оқи алады?

<p style="text-align: justify;">Елімізде әскери борышын өтеп келгендер мен әскер қатарындағы үздік азаматтарға бірқатар жеңілдік қарастырылған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сарбаздар қай оқу орындарында тегін оқи алады?

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскердегі борышын өтеген кез келген азамат еліміздің жоғары оқу орындарына ҰБТ-сыз ақылы бөліміне түсе алады. Ал әскер қатарындағы үздіктер тегін оқи алады. Оларды Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, Ұлттық ұлан өз критерийлеріне сай анықтайтын болады.

Аталмыш жобаны 30-ға жуық отандық ЖОО қолдауға дайын. Соған сәйкес сарбаздарға тегін оқуға мүмкіндік беретін ЖОО тізімі белгілі болды:

  • Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
  • Astana IT University;
  • «Тұран Астана» университеті;
  • Қазақ технология және бизнес университеті;
  • Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті;
  • М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті;
  • Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті;
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
  • Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті;
  • Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті;
  • Қазақстан-Ресей медицина университеті;
  • Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті;
  • Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы;
  • Халықаралық білім беру корпорациясы Қазақ автомобиль-жол институты:
  • Алматы менеджмент университеті;
  • Caspian University Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы;
  • Қазақ жолдар және қатынастар университеті;
  • Тұран университеті;
  • Азаматтық авиация академиясы;
  • М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті.
Бөлісу: