Теннис
1 мин оқу 230
Тимофей Скатов Испаниядағы турнирдің ширек финалына шықты
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның екінші ракеткасы Тимофей Скатов Жирондағы «Челленджердің» екінші айналымында сербиялық Милан Зекичті 6:0, 6:4 есебімен жеңді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
ҚТФ баспасөз қызметі хабарлағандай, ширек финалда Тимофей Скатов ресейлік Иван Гаховқа қарсы ойнайды.
Тағы бір қазақстандық Бейбіт Жұқаев Францияның Лилль қаласында өтіп жатқан «Челленджерде» Аустралия өкілі Макс Перселге 6:7 (1:7), 6:2, 6:7 (5:7) есебімен жол берді.
Дәл сол турнирде Михаил Кукушкин бірінші айналымда француздық алаң қожайыны Кенни де Схеппермен кездесіп, 2:6, 3:6 есебімен жеңілді.
Бөлісу: