Аймақтар
1 мин оқу 1,880

Атырау облыстық мәслихатының төрағасы сайланды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Атырау облыстық мәслихатының төрағасы болып Мұса Хайруллиев сайланды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Атырау облыстық мәслихатының төрағасы сайланды

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумовтың мәліметінше, мәслихаттың құрамындағы 30 депутаттың 15-і бірмандатты округтен, 15-і саяси партиялардан сайланған. Оның ішінде 17-сі қайтадан мандат алған.

«Облыстық мәслихат депутаттарының арасында 23 ер, 7 әйел бар. Олардың орташа жасы – 45-те. Депутаттардың құрамында азаматтық қоғамның 6, БАҚ-тың 3 өкілі бар. Сондай-ақ 9 кәсіпкер, білім және спорт саласынан 3 қызметкер, 4 фермер, кәсіпорындардан 3, денсаулық сақтау саласы мен мемлекеттік органнан 1 өкіл сайланды», деп хабарлады Азамат Айманакумов.

Облыстық мәслихаттың жаңа төрағасы Мұса Хайруллиев бірмандатты №5 округтен өзін-өзі ұсыну жолымен депутат болып сайланған.

Ол 1984 жылы дүниеге келген. Осы кезге дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Атырау облыстық филиалының директоры лауазымын атқарған.

 

Бөлісу:
Атырау облыстық мәслихатының төрағасы сайланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар