Режеп Таийп Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Мемлекет басшысының атына Түркия Президенті Режеп Таийп Ердоғанның алғыс хаты келіп түсті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</span></p>
Түркия Президенті Режеп Таийп Ердоған өзінің хатында Түркияның Қахраманмараш провинциясы мен басқа да елді мекендеріне орасан зор зардабын тигізген жойқын жер сілкінісіне байланысты бауырлас елдің қайғысына ортақтасып, көңіл айтқаны, сондай-ақ жедел көмек көрсеткені үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркия халқының және жеке өзінің атынан алғыс айтқан.
– Осындай табиғи апат кезінде достас елдердің жанымыздан табылуы қиындыққа қарсы тұруға күш береді. Қазақстанның берген жәрдемі жер сілкінісінің ауыр салдарымен күрес кезінде халқымызға зор қолдау болды. Еліңіздің іздестіру-құтқару тобы үйінді астында қалған адамдарды аман сақтап қалу үшін аянбай еңбек етіп, ерік-жігер танытқанын әрдайым ризашылықпен еске аламыз, – деп жазылған алғыс хатта.
Сонымен қатар Режеп Таийп Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевқа және достас әрі бауырлас Қазақстан халқына амандық пен бақ-береке тіледі.
