Спорт
1 мин оқу 281

Қоржынға қос күміс түсті

<p style="text-align: justify;">Ауыр атлетикадан Албанияның Дуррес қала&shy;сында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасының қоржынына тағы екі күміс медаль түсті.</p>

Қоржынға қос күміс түсті

Алғашында 64 кило салмақтағы Таисия Алексеева өз жанкүйерлерін қуантты. Ол 89 килолық зілтемірді жұлқа, 112 килоны серпе көтерді. Таисияның қоссайыстағы көрсеткіші – 201 кило. Ол тек колумбиялық Ингрид Сегу­радан (206 кило) қалып қойса, түрікменстандық Гулалек Какамырадова (196 кило) үшінші сатыға табан тіреді.

89 кило салмақтағы сайыста Керем Курназға тең келер ешкім табылмады. Түркияның аса дарында өрені 327 (144+183) килолық зілтемірді еңсерді. Қазақ спортшысы Нұрдос Сабыр күміс медальді мойнына ілді. Оның нәтижесі – 321 (145+176). Ал қола жүлде армениялық Валерик Мовсисянға бұйырды.

Бөлісу:
Қоржынға қос күміс түсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар