Жаңалықтар
1 мин оқу 470

Жас офицерлер

P1480576 Жуырда Әскери институтты табысты аяқта­ған жас мамандар Қазақстан Респуб­­­­­­лика­сы Қарулы Күштерінің сапына жас лейтенанттар легін қосты. Институтты бітірушілер кешінде сөз алған аға буын өкілдері жастарға өмірден түйген тәжірибелерін үйрете отырып, оқуда озаттар қатарынан табылғандарына ризашы­лықтарын білдіре табыс тіледі. Ардагерлер қай істе де біліктілік көрсете білетіндеріне ерекше қанаттандыра, игерген мамандықтарының қыр-сырын ұштап, мол білімнің арқасында өршіл жастардың мамандықтарын қажырлы игеретініне үлкен сенім артып, табыс тіледі. Бі­тірушілер арасында 20 шәкіртке «Әскери оқу ор­нын үздік бітіргені үшін» төсбелгісі тап­сырылды. Олардың арасында оқу үздіктері Е.Сүйішбеков, Б.Жалил, А.Қуатов, В.Лейман, Ж.Құр­манғалиев секілді жас офицерлер бар. «Егемен-ақпарат».
Бөлісу:
Жас офицерлер · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар