Теннис
1 мин оқу 310

WTA 1000: Рыбакинаның финалдағы қарсыласы анықталды

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакинаның Майами WTA 1000 турнирінің финалындағы қарсыласы кім екені белгілі болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жартылай финалда әлемнің 12-ракеткасы, чехиялық Петра Квитова мен дүниежүзілік рейтингіде 74-орында тұрған румыниялық Сорана Кырстя кездесті.

Бірінші сетте румыниялық теннисші 5:2 есебімен алға шыққанымен, қатарынан бес геймде ұтылып қалды – 7:5.

Екінші сетте чехиялық спортшы 6:4 есебімен басым түсті. 1 сағат 41 минутқа созылған бәсеке барысында П.Квитова 7 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Қарсыласы 4 эйс, 1 брейктен (5 брейк-пойнт) аса алған жоқ.

Осылайша, Майами мастерс жарысының финалында Елена Рыбакина Петра Квитовамен шеберлік байқасады.

Айта кетсек, олар бұған дейін екі рет кездескен, есеп – 1:1. Өткен жылы Острава (Чехия) додасында қазақстандық теннисші 7:6 (7:3), 6:4 есебімен басым түссе, биыл Аделаида 2 (Аустралия) турнирінде П.Квитова жеңіске жетті – 6:3, 7:5.

Бөлісу:
WTA 1000: Рыбакинаның финалдағы қарсыласы анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар