Ауа райы
1 мин оқу 240

1 сәуірге арналған ауа райы болжамы

<p style="text-align: justify;">Бүгін Қазақстанның басым бөлігіне кең әрі суық антициклон әсер етеді, жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Десе де, елдің батысында циклон жырасының және атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыста қатты жаңбыр, найзағай болжанады.

Республика бойынша елдің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында екпінді жел соғып, оңтүстікте – шаңды дауыл, оңтүстік-шығыста тұман түседі.

Жетісу облысының таулы аудандарында жауын-шашын, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігі мен орталығында жаңбыр жауады деп болжанып отыр.

Жетісу облысында, Алматы, Түркістан, Жамбыл облыстарында 30 м/с және одан жоғары екпінмен жел соғуы ықтимал.

Бөлісу:
1 сәуірге арналған ауа райы болжамы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар