Ауа райы
1 мин оқу 470

Елдің үш өңірінде үсік жүреді

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК баспасөз қызметі сәуірдің 2-сіне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қазгидромет» мәліметтеріне қарағанда, бүгін еліміздің басым аумағы антициклон жырасының ықпалында болады. Күн ашық болады. Тек елдің батысына, оңтүстігіне және оңтүстік-шығысына циклон жырасы әсер етіп, онымен байланысты фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, оңтүстігінде найзағай болады.

Республика бойынша еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында өте қатты жел соғып, оңтүстігінде - шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-шығысында тұман түседі.

Жетісу облысында, Түркістан, Жамбыл облыстарында желдің екпіні 30 м/с дейін жетеді.

Түнде Алматы облысында 1-6 градус, Жетісу облысында 2-7 градус, Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 2 градус үсік жүреді.

Бөлісу:
Елдің үш өңірінде үсік жүреді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар