Аймақтар
1 мин оқу 420

Кентауда үш қабатты үй өртеніп, 50 адам эвакуацияланды

<p style="text-align: justify;">1 сәуірде Кентау қаласындағы үш қабатты тұрғын үйдің төбесі өртеніп кетті. Өрт сөндірушілер 50 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өрт орнына Түркістан облысы ТЖД күштері мен құралдары жіберілді. Өрттің ауданы 4 шаршы метрді құрады.

«Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамының 10 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды, олар өртті жедел жойып, адамдарды қауіпсіз жерге көшірді», делінген облыстық ТЖД таратқан хабарламада.

Оқиға орнынан 50 адам эвакуацияланды, оның 10-ы - бала.

Қазіргі уақытта өрттің себебі мен мүліктік залалы анықталуда.

Бөлісу:
Кентауда үш қабатты үй өртеніп, 50 адам эвакуацияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар