Аймақтар
1 мин оқу 930
Алматыдан 17 шақырым жерде жер сілкінді
<p style="text-align: justify;">Алматыдан 17 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-ге сілтеме жасап.</p>
Кезекші оператор ұсынған деректерге қарағанда, жер сілкінісі бүгін, 2 сәуір күні жергілікті уақытпен сағат 16:56-да тіркелген.
«Эпиорталығы Алматыдан 17 км қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 8.2. MPV магнитудасы – 3.6. Эпиорталық координаттары – 43.07° с.е. және 76.81° ш.б. Тереңдігі - 10 км. МSК-64 бағаны бойынша Алматы қаласында сезілуі 2 балл болды», делінген хабарламада.
Бөлісу: