Спорт
1 мин оқу 320

«Silk Road Namangan» жүйрігі

<p style="text-align: justify;">Наурыз айының 24-26 аралығында Өзбекстан республика&shy;сының Наманган қаласында велоспорттан ерлер мен әйелдер арасында &laquo;Silk Road Namangan&raquo; халықаралық турнирі өтті. Сайысқа барлығы 60 шетелдік және 60 өзбекстандық спортшылар қатысты.</p>

«Silk Road Namangan» жүйрігі

Жарыстың 3-күні маңғыс­таулық Дмитрий Носков «Вы­бывание» бағдарламасы бойынша 2-орын иеленсе, осы бағ­дарламада 1 және 3-орындарды ресейлік Кирилл Маликов пен Александр Иванов иеленді. Маңғыстаудан барған велошабандоз Дмитрий Носков «Командная гонка преследования» бағдарламасында да 3-орын иеленіп, сайыстан елге жүлдемен оралды. Турнир өз жеңімпаздарына  Париждегі «АИ-2024» додасына қатысу үшін халықаралық рейтингтік ұпайларды жеңіп алуға мүм­кіндік береді.           

Маңғыстау облысы

Бөлісу: