Шетелден шақырту алды
<p style="text-align: justify;">Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универ­ситетінің 4-курс студенті Назерке Бі­лімжанқызы Ұлы­бри­танияның алты бе­делді университетінен ма­гистратураға шақырту алды.</p>

Атап айтқанда UCL (University College London) – MA Education; King’s College London – STEM Education MA; The University of Manchester – MA Digital technologies, communication and education; University of Sheffield – MA Education; University of Reading – MA Education; University of York – MA Education университеттерінде білім алу үшін енді таңдау Назеркеге түсіп тұр.
2019 жылы Алматы қаласындағы №173 физика-математика лицейін «Алтын белгімен» бітірген Назерке қазіргі кезде аталған оқу орнында «Ағылшын тіліндегі информатика» мамандығы бойынша білім алып жатыр. Талапты қазақ қызы таяу болашақта әлемнің мақтанышына айналады деп сенеміз.
АЛМАТЫ