Спорт
1 мин оқу 502
Елжана Таниева әлем кубогының күміс жүлдегері атанды
<p style="text-align: justify;">Көркем гимнастикадан Әлем кубогының финалында біздің спортшымыз Елжана Таниева екінші орынды жеңіп алды. Жарыс Софияда (Болгария) өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Қазақстан гимнастика федерациясының мәліметінше, Елжана Таниева лентамен, доппен және шоқпармен жаттығулардың финалында өнер көрсетті. Ол финал қорытындысы бойынша 30,900 ұпай жинап, 2-орынға ие болды.
Үздік үштікке Өзбекстан спортшысы Тахмина Икромова мен бразилиялық Барбара Домингос кірді.
Бұған дейін Елжана Таниева Марбеллада (Испания) өткен Гран-приде үшінші болып, қола жүлдегер атанған еді.
Бөлісу: