Әлем
1 мин оқу 180

Камчаткада 6,9 балдық жер сілкінісі болды

<p style="text-align: justify;">Бүгін Камчаткада күшті жер сілкінісі болды. Алғашында сарапшылар магнитуданы 5,7 деп бағалағанымен, кейін оны 6,9-ға дейін көтерді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp; <a href="https://ria.ru/20230403/zemletryasenie-1862547627.html">РИА Новости </a>агенттігіне сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Камчаткада 6,9 балдық жер сілкінісі болды

Жерасты дүмпулері Ресейдің Петропавловск-Камчатский қаласына жақын маңда болды. Басылымның мәліметінше, дүмпу күші 6 балды құраған.

«Біз қатарынан екі қатты соққыны сездік. Қабырғалар дірілдеген кезде кафеде отырғанбыз. Ғимараттың терезелері қатты сықырлады. Мен Камчаткада өмірімде бірінші рет зілзаладан кейін адамдардың ғимараттан қашып жатқанын көрдім. Кейбіреулер айқайлады», деді жергілікті тұрғындардың бірі агенттікке берген сұхбатында. 

Бөлісу:
Камчаткада 6,9 балдық жер сілкінісі болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар