Қоғам
1 мин оқу 660

Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы қабылданды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Аталған тұжырымдама Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, жастар саясаты туралы заңға өзгерістер енгізілуіне байланысты әзірленді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Министрдің жазуынша, жеті бағыттан тұратын Тұжырымдаманың негізгі бағыттарының бірі – ауыл жастарын кәсіби тұрғыда дамыту, кәсіпкерлік арқылы олардың әлеуетін іске асыруға баса назар аудару. Оның аясында 2029 жылға дейін 1 миллион ауыл жастарын жұмыспен қамту, 3,8 миллион жасты ресурстық орталықтар арқылы әлеуметтік қызметтермен қамту көзделген.

2029 жылға дейін қоғамдық кеңестерде жастар квотасын 20%-ға арттыру, жас мемлекеттік қызметшілердің көрсеткішін 25%-ға ұлғайту, 2,2 млн жасты волонтерлік, қайырымдылық және экологиялық бастамаларға тарту жоспарланып отыр.

Негізгі мақсаттардың бірі – NEET санатындағы жастардың үлесі 6,7%-дан 3,5%-ға дейін төмендету.

2029 жылға дейін 18,2 мың жасқа жеңілдетілген несие беріледі. Сондай-ақ 2,3 миллион жасты жұмыспен, 2,8 миллион жасты жоғары біліммен қамту көзделіп отыр.

«Үкімет басшысы қол қойған тұжырымдама жастар саясатын одан әрі дамытуға оң әсер етеді деп сенеміз», деп жазды министр.

Бөлісу:
Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы қабылданды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар