Жәдігер
1 мин оқу 524

Балуан Шолақтың кісе белдігі

<p style="text-align: justify;">Жауырыны жерге тимеген Балуан Шолақтың аңыз-ғұмыры жұртқа аян. Қара күші тасыған тұла бойы таланттан да кенде емес. Өзі әнші, өзі сері, өзі сазгер. Сазгер дегенде, әрине, балуан&shy;ның &laquo;Ғалиясы&raquo; еске түседі: &laquo;Айым да сен, Ға&shy;лия, күнім де сен, Оң қабағым тартады күлімдесең...&raquo;</p>

Балуан Шолақтың кісе белдігі

Қазақтың ұлан-ғайыр атырабына аты жайылған аңыз-адамның мұрасы, шығармалары мен жеке заттары бүгінде сақтаулы. Мәселен, Ұлттық музейдің мұрағатында Балуан Шолақтың кісе белдігі бар. Былғары, күміс, темір бедерлемеден тұратын белдік­тің өлшемі 158 х 25 см. Қара түсті бұқа тері­сінен тігіліп, күміс шытыралармен әсемделген. Белдік­тің екі салпыншағы мен сөмкесі бар. Шытыра, салпын­шақтары және сөмкесінің бетіне қаралау әдісімен оюлар салынған.

Ұлттық музейдің баспасөз қызметінің айтуынша, батырдың белдігі 2014 жылы Президенттік мәдениет орталығы музейі қорынан келген.

Ал кісе белдіктің қазіргі күйі – металы қарайған, кірлеген, үш түймелі, шытырасы жоқ, сырылған, қажалған, майысқан, өрнектері өшкен, былғарысы қажалған, жарылған, көгерген.

Бөлісу:
Балуан Шолақтың кісе белдігі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар