Шахмат
1 мин оқу 394
Жерлесіміз көш бастады
<p style="text-align: justify;">Бұл күндері Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан шахматтан әйел­­дер арасындағы Гран-при турни­рі­нің 8-тур ойындары өз мәресіне жетті.</p>

Жарыстың кезекті күнінде көптің назары жылдам шахматтан әлемнің екі дүркін чемпионы Бибісара Асаубаева мен елордада өткен әйелдер арасындағы Гран-придің алғашқы кезеңінде үшінші орын алған қытайлық Чжу Цзинер арасындағы бәсекеге ауды. Өйткені 7-турдан кейін екі шахматшы турнир кестесінде алғашқы екі орынды бөлісіп тұрған-ды. Аса тартысты өткен кездесуде жеңімпаз анықталмай, ойын тең есеппен аяқталды.
Осылайша, 8-тур ойындарынан кейін Бибісара 5 ұпаймен жеке-дара көш бастады. Ал қытайлық гроссмейстер 4½ ұпаймен 2-орынға орналасты.
Бөлісу: