Аймақтар
2 мин оқу 313

Шығыстан шешек шықты

<p style="text-align: justify;">Катонқарағай ауданында бұрын-соңды болмаған індет тарап, Жаңаүлгі, Шыңғыстай, Аққайнар ауылдары карантинге жабылған. Ауылдықтардың айтуынша, шешек ауруы сырттан жеткізілген қойдан шыққан көрінеді.</p>

Шығыстан шешек шықты

Ақпанда тараған індеттің беті әлі күнге дейін қайта қойған жоқ. Ауру белгілері байқала сала аудандағы ветеринарлық пункт мең­герушілері Е.Кітапбаев пен М.Құрманов қан сынамалары мен биологиялық материалдарды алып, «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК филиалына жолдаған. Сараптама актілеріне сәйкес жоғарыда аталған үш ауыл­дық округ тұрғындарына тиесілі ұсақ мүйізді малдың қан са­рысуы вирусологиялық зерт­теулері оң нәтиже берді. Сөйтіп, ұсақ мүйізді малдан шешек ауруы шығуына байланысты 13 наурыздан Аққайнар және Катонқарағай ауылдық округтері әкімдерінің ше­шімдерімен Шыңғыстай, Жаңаүлгі және Аққайнар ауыл­дары­ның аумағына карантин ре­жі­мі енгізілген. Қазіргі уақытта үш ауылдың кіреберісіне блок-бекеттер қойылып, кірген-шыққан көліктер тексерістен өтеді. Яғни ауылдан қой-ешкі алып шығуға немесе кіргізуге болмайды.

– Ауылға кірген, шыққан әр көлікті тексереміз. Тексеріп қана қоймаймыз, көліктер дезинфекцияланып бір-ақ кіреді. Ол үшін шлагбаумның алдында арнайы сұйықтық құйылған төсеніш бар, – дейді блок-бекет кезекшісі Ермек Сатышев.

Иә, қорғаныс жан-жақты қа­рас­­­­тырылған. Күн-түні кезек­шілік жүр­гізіліп тұрады. Алай­да аурудың алдын алу секілді ша­ралардың жүргізілмейтіні ай­­­дан анық. Оны айтып отыр­ға­нымыз, ветеринария мәселесін аз қау­зағанымыз жоқ. Бір емес, бірнеше рет проблема көтердік. Атап айтсақ, ветеринария сала­сының материалдық базасы жұ­пыны, жалақысы мардымсыз, мамандар жоқ. Тиісті жағдай жасал­маған соң да ауру шығады.

Облыстық ветеринария бас­қар­масының басшысы Рамиль Сағындықовтың айтуынша, қазіргі уақытта ұсақ мүйізді мал арасында өлім мен жаңадан ауырғандар байқалмайды. Катонқарағай ауда­нындағы эпизоотиялық жағдай – ветеринарлық қызметтің ба­қылауында. 11 маман, 6 техника, 8 мыңнан аса малға вакцина егілді.

Шығыс Қазақстан облысы,

Катонқарағай ауданы

Бөлісу: