Ауа райы
1 мин оқу 280
Еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады
<p style="text-align: justify;">Қазгидромет 4 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым аумағына антициклон жотасы өз әсерін тигізеді, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Тек еліміздің оңтүстігінде, күндіз оңтүстік-шығысында фронтальды бөлімдердің өтуімен жаңбыр, оңтүстігінде найзағаймен қатты жаңбыр жауады.
Республика бойынша оңтүстік–шығыста өте қатты жел, оңтүстікте шаңды дауыл, батыста, оңтүстік-шығыста тұман күтіледі.
Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Жетісу облысында, түнде Жамбыл облысында екпіні 30 м/с және одан аса болатын қатты жел сақталады.
Түнде Алматы, Жамбыл, Жетісу облыстарында 1-6 градус суық сақталады.
Бөлісу: