Тағайындау
2 мин оқу 170

Тамара Дүйсенова өз қызметінде қалды

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Тамара Дүйсенова өз қызметінде қалды

1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын тәмамдаған. 

Еңбек жолын 1988 жылы Шымкент облысы Сарыағаш қаласы Ильич атындағы орта мектебінің мұғалімі болып бастады.

1988-1992 жылдары — Өзбек КСР Мемжоспар жанындағы Экономика ғылыми-зерттеу институтының экономисті.

1992-1993 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілігінің аға экономисті.

1993-1994 жылдары — «Перизат-Холдинг» компаниясының бөлім басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласы.

1994 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілігі басшысының кеңесшісі болып жұмыс істеді.

1994-1997 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары.

1997 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет етті.

1997-1999 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары.

1999-2002 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2002-2006 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып жұмыс істеді.

2006-2008 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2008-2013 жылдары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы.

2013 жылғы ақпан-маусым аралығында — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

2013-2014 жылдары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

2014-2017 жылдары — Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі.

2017-2018 жылдары — Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып қызмет етті.

2018-2019 жылдары — «Нұр Отан» партиясының хатшысы.

2019-2020 жылдары — Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының президенті.

2019-2020 жылдары — Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі.

2020-2022 жылдары — Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.

2022 жылғы 11 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

Бөлісу:
Тамара Дүйсенова өз қызметінде қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар