Тағайындау
1 мин оқу 5,251

Оқу-ағарту министрі тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Ғани Бейсембаев 1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. 

Еңбек жолын 1986 жылы Шиелі аудандық мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі қызметінен бастаған. 

1989-1990 жылдары — қазақ тілі мұғалімі.

1990-1995 жылдары — орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

1995-1997 жылдары — орта мектеп директоры.

1997-2000 жылдары — ҚР БҒМ Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы президентінің ғылыми хатшысы, кеңесшісі. 

2000-2001 жылдары — Қапшағай қаласы білім бөлімінің басшысы.

2001-2006 жылдары — қосымша білім беру орталығының директоры.

2006-2020 жылдары — халықаралық білім беру орталығының бас директоры.

2006-2007 жылдары — техникалық-экономикалық колледж директоры.

2020 жылы ҚР БҒМ «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болды.

2020 жылы ҚР БҒМ Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті болды;

2023 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды.

Бөлісу: