Финляндия НАТО-ға мүше болды
<p style="text-align: justify;">Финляндия Сыртқы істер министрі Пекка Хаависто елдің Солтүстік атлантикалық келісімге қосылатыны туралы құжатқа қол қойды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

4 сәуірде Финляндия ресми түрде НАТО-ға мүше болды. Финляндия президенті Саули Ниинистё Twitter-де Литва президенті Гитанас Науседаның құттықтауын жариялады.
Құжатқа қол қойғаннан кейін НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг пен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен ортақ мәлімдеме жасады.
Столтенберг Финляндияның НАТО-ға қосылған күні ерекше екенін атап өтті.
Айта кетейік, НАТО 1949 жылдың 4 сәуірінде құрылған. Ұйымға 31 ел ресми мүше.
Бұған дейін хабарланғандай, Финляндия президенті НАТО-ға кіру туралы заңға қол қойды.