Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 6-8 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі. 6-8 сәуірде оңтүстікте, 7-8 сәуірде оңтүстік-шығыста кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады.
7 сәуірде Скандинавия аудандарынан солтүстік-батыс антициклонның енуінің әсерінен еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасының күрт төмендеуі, сондай-ақ жаңбырдың қарға ұласуы күтіледі.
«Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік өңірлерде тұман, шаңды дауыл мен найзағай, солтүстікте, солтүстік-батыста көктайғақ болжанады. Солтүстік пен солтүстік-батыста ауа температурасы түнде 2-12 аязға дейін, күндіз 5 аяз - 7 жылыға дейін төмендейді», делінген хабарламада.