Спорт
1 мин оқу 420

ХІІ жазғы Универсиада Ақтауда өтеді

<p style="text-align: justify;">24 мамыр &ndash; 24 маусым аралығында&nbsp;Ақтауда ХІІ жазғы ҚР жоғары оқу орындары студенттерінің Универсиадасы өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Биылғы Универсиада ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен, Yessenov University ұйымдастыруымен алғаш рет өткізілмек.

Ұйымдастырушы университет президенті Б.Б.Ахметовтың айтуынша, бұрынғы Универсиадалар спорт түрлері бойынша үш-төрт қаланы қамтитын болса, Aqtau-2023 универсиадасында 17 спорт түрінен 20 жарыстың бәрі Ақтауда қаласында өтеді.

«Сонымен қатар алдыңғы универсиада бағдарламасында 30-дан аса спорт түрі болса, қазір олар 17-ге дейін ықшамдалып, ең негізгі спорт түрлері ғана таңдалған. Яғни университеттердегі спортшылардың көп айналысатын спорт түрлерінің бейініне қарай, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығымен бірлесе отырып, Дүниежүзілік универсиаданың бағдарламасына басымдық беріліген», делінген министрлік хабарламасында.

Жарыс түрлерін ұйымдастыру бойынша:

Самбо, грек-рим күресі, дзюдо және еркін күрес, жеңіл атлетика түрлері «Маңғыстау-Арена» спорт сарайында өтеді. 

Баскетбол, волейбол, футзал мен бокс «Халық-Арена» спорт сарайында өтеді. Бұл орталықта теннис және бадминтон сайыстарын ұйымдастыруға да мүмкіндік бар. 

«Арыстан-Арена» спорт кешенінде жүзу, ал қалған спорт түрлері Yessenov Sport Club студенттік кешенінде өтеді. 

Универсиаданың ашылу салтанаты 5 маусым күні «Мұнайшы» стадионында және жабылу салтанаты 24 маусым күні «Маңғыстау-Арена» спорт кешенінде өтеді.

Бөлісу:
ХІІ жазғы Универсиада Ақтауда өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар