Көрме
1 мин оқу 480

Италиялық ренессанс иірімдері

<p style="text-align: justify;">Ұлттық музейде &laquo;Ита&shy;лиялық ренессанс &ndash; мәң&shy;гілік сұлулық&raquo; цифр&shy;&shy;&shy;лық иммерсиялық көрмесі ашылды. Іс-шара Ита&shy;лия мен Қа&shy;зақ&shy;&shy;стан ара&shy;сындағы мә&shy;&shy;дениет сала&shy;сындағы ынты&shy;мақ&shy;тастық шең&shy;берінде италиялық Қай&shy;&shy;та өрлеу дәуірінің су&shy;рет&shy;шілеріне арналған. Италия Елші&shy;лігі және ENI Group компаниясымен бірлесіп ұйым&shy;дас&shy;тырылған көрме цифр&shy;лы бейнетүсірілім түрінде өтті.</p>

Италиялық ренессанс иірімдері

Көрме келушілерді ита­лиялық Қайта өрлеудің сұлу­лығымен сусындатып, өт­кеннің жау­һарларын көр­сетуді мақсат етеді. Онда жыл­жымалы картиналар, көр­кем таңдалған жарық­тан­­дыру, үйлесімді му­зы­калық сүйемелдеу және кар­­­ти­на­лардың бір­неше экранда бір уа­қытта бейне­ле­нуі сияқ­­ты көп­теген түрлі ин­т­ерактивті әсер қол­да­нылды.

Scripta Manent компа­­ния­­­сының бас директоры Джорд­­жио Армароли: «Мұн­­да италиялық Ренес­санс әр­қайсымызда бұрын-соң­ды болмаған сұлулықты, әлемді құтқаратын сұлу­лықты ояту үшін ұсыныл­ған», дейді.

«Көрме бізді заманауи технологияның арқасында өткенге саяхат жасауға мүм­­кіндік береді. Нағыз өнерде мәң­гілік нәрсе бар. Эмо­­циялар оның берілуі мен бастан өт­кізуінің өзге­руіне қарамастан әрдайым өнер­дің маңызды элементі болды. Біз техно­ло­гия­ның бер­ген мүмкін­дігін пайда­ландық. Сол арқылы қа­зақ­стандық достары­мыз­дың көбі иммерсивті саяхат нұс­қа­сында Қайта өрлеу дәуірінің сұлулығына тәнті болып, оларды жеке көру үшін елімізге баруды жоспарлайды деген үміт­теміз», деп атап өтті елші Ма­рко Альберти.

Иә, Италия – әр кез сурет­шілерімен әйгілі болған ел. Италиялық авторлардың шы­ғармашылығы, идеялары бүгінде әлемдік өнер мен мәдениеттің негізі болып саналатын классика деу­ге болады. Жетілдірілген италиялық тех­нологиялар келушілерге Ре­нессанстың төрт шебері: Лео­нар­до, Ра­фаэль, Боттичелли және Ми­­келанджело шығар­ма­ла­­рының мәңгілік сұлу­лығына қызықты саяхат жа­сауға мүм­кін­дік берді.

Бұл бастама Италия ел­ші­лігінің 2023 жылға ар­нал­ған мәдени насихаттау бағ­дарламасының бір бөлігі саналады. Көрме 28 сәуірге дейін жалғасады.

Бөлісу:
Италиялық ренессанс иірімдері · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар