Спорт
1 мин оқу 245

Әлемдік рейтинг жаңарды

<p style="text-align: justify;">Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Түркияның Анталия қаласында мәресіне жеткен &laquo;Grand Slam&raquo; жарысынан кейін дзюдошылардың әлемдік рейтингін жаңартты.</p>

Әлемдік рейтинг жаңарды

Өкінішке қарай, халықаралық ұйым ұсынып отырған рейтингте Қазақстан балуандарының нәтижесі жанкүйерлердің көңілін көншітпейді. Өйткені жаңартылған рейтингтің ТОП-10 тізіміне бір-ақ балуа­ны­мыз енген. Кейінгі уақытта тәуір нәти­жесімен көзге түсіп, үнемі жүлдегерлер қата­рынан көрініп жүрген Әбиба Әбу­жа­қынова (48 кг) өз салмағында бесінші са­тыға жайғасқан. Одан кейінгі үздік нәтиже ерлер құрамасының өкілдері – Мағжан Шамшадин (60 кг) мен Данияр Шамшаевке (73 кг) тиесілі. Екі балуанымыз да рейтингте 15-орында тұр.

Ал Түркиядағы жарыста Қазақстан құра­масы сапынан жалғыз қола жүлдені жеңіп алған Нұрқанат Серікбаев әлемдік рейтингте 15 саты жоғарылап, 60 кило салмақ дәрежесінде 36-орынға көтерілді. Өзге салмақтағы балуандарымыздың рейтингіне тоқталар болса, Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) – 24, Абылайхан Жұбаназар (81 кг) – 22, Дидар Хамза (90 кг) – 24, Нұрлыхан Шархан (100 кг) – 24, Әділ Оразбаев 41-орында ке­леді.

Бөлісу: