Қоғам
1 мин оқу 270

Мемлекет пен бизнес мүдделерінің балансын сақтау қажет - Смайылов

<p style="text-align: justify;">Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте тау-кен металлургия кешенін дамытудың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Мемлекет пен бизнес мүдделерінің балансын сақтау қажет - Смайылов

Атап айтқанда, геологиялық барлауға халықаралық стандарттарды енгізу жөніндегі жоспарлар, сондай-ақ кен орындарын игеру тиімділігін арттыру және салаға инвестициялар тарту жөніндегі шаралар қаралды.

Талқылау барысында Премьер-министр тау-кен металлургия кешенінде жаңа бастамалар мен жобаларды іске асыру кезінде мемлекет пен бизнес мүдделерінің балансын сақтау қажеттігін атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға бірқатар тиісті тапсырма берілді.

Бөлісу: