Қоғам
1 мин оқу 250

Бауыржан Тортаев қызметінен босатылды

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Қадырұлы Тортаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

Тортаев Бауыржан Қадірұлы 1967 жылы 18 қыркүйекте Семей қаласында туған. 1991 жылы Мәскеу мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

1991-1995 ж.ж. – коммерциялық құрылымдарда қызмет еткен.

1996-1997 ж.ж. – Семей облыстық экономика басқармасының бас маманы;

1997-1998 ж.ж. – Семей қаласы әкім аппараты құрама экономикалық бөлімінің консультанты;

1998-1999 ж.ж. – Шығыс Қазақстан облыстық статистика басқармасы бастығының орынбасары;

1999-2002 ж.ж. – Шығыс Қазақстан облыстық статистика басқармасы ақпараттық-статистикалық орталығының бастығы;

2002-2008 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Агенттігі төрағасының статистика бойынша орынбасары;

2008-2010 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры;

2010-2011 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры;

2011-2017 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

2017-2019 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы;

2019 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымында болған еді.

Бөлісу:
Бауыржан Тортаев қызметінен босатылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар