Қоғам
1 мин оқу 400

Елімізде зергерлік бұйымдар 33 пайызға қымбаттаған

<p style="text-align: justify;">Елімізде 2023 жылдың ақпан айында зергерлік бұйымдар мен сағаттардың бағасы бір жылда 33,2%-ға өсті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://www.energyprom.kz/ru/a/monitoring/ceny-na-yuvelirnye-izdeliya-v-rk-vyrosli-srazu-na-tret-za-god">Energyprom.kz</a>-ке сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Бір жыл бұрын өсім небәрі 6,2% болған еді.

Зергерлік бұйымдар өндірісі жылына 1,4 млрд теңгеге тең болды. Бұл 2021 жылдың қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда құндық мәнде 4,4%-ға артық. 

Ұлттық статистика бюросы ұсынған деректерге сәйкес, бір жыл бұрын сақина бағасы 5,7%-ға ғана өскен еді.

Бағаның айтарлықтай өсуі Солтүстік Қазақстан облысында байқалды: бірден 71,6%-ға өскен. Жетісу (61,7%) және Алматы (60,1%) облыстары да алдыңғы қатарда тұр.

Алтын неке сақиналары Алматы, Астана, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында 1,5 есеге жуық қымбаттаған. Мұндай сақиналардың бағасы Ақтөбе (3,7%-ға), Атырау (6,9%-ға) және Батыс Қазақстан (10,7%-ға) облыстарында ең аз өскен.

Бөлісу: