Қоғам
1 мин оқу 492
Алаяққа сенген Жамбыл тұрғыны 11 млн теңгесінен қағылды
<p style="text-align: justify;">Меркі ауданының полиция бөліміне 40 жастағы жергілікті тұрғын алаяққа алданғаны туралы арыз түсірді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Жәбірленушінің айтуынша, өткен жылдың шілде айында оған таныс адамы Toyota Hilux автокөлігін нарықтағы құнынан төмен бағада сатып алуға көмектесуге уәде беріп, одан 11 743 700 теңге алған.
Алайда 9 айдан кейін ол уәде етілген көлікті де, ақшаны да алмағандығын баса айтты. Тергеу шаралары нәтижесінде облыс орталығының 39 жастағы тұрғыны ұсталды.
ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Бөлісу: