Өнер
1 мин оқу 340

Былғарыға өрнектелген бейне

<p style="text-align: justify;">Алматыдағы Сәбит Мұқановтың музейін&shy;де келушілердің назарын аударып, қы&shy;зығушылықтарын оятатын құнды ж&shy;әдігерлер баршылық. Соның бірі жатын бөлмедегі қабырғада ілулі тұрған портрет, бір қарағанда жай ғана қағазға салған сурет секілді көрін&shy;генімен, шын мәнінде жақындап, анық&shy;тап қарасаңыз, түрлі-түсті былғары бөлік&shy;терінен құралғанын байқауға болады. Құрақ бейне. Былғары құрақтан өрнектелген. Өлшемі &ndash; 68х49 см.</p>

Былғарыға өрнектелген бейне

Бұл портретті Солтүстік Қазақ­стандағы таны­мал мү­сін­шілердің бірі, Қазақстан Сурет­шілер одағының мүшесі Виктор Крест­ников жа­саған. Ол – Қызылжар өңі­рінің елді мекендеріндегі көп­теген монументалды мү­сіндік композициялардың авторы. Негізгі шығармалары: «Ер­­шов ертегілері», «Отан-Ана ес­керткіші» т.б. Сурет­ші­лер­дің отбасында дү­ниеге келген Виктор Крест­ников біраз жетістікке жеткен, ол сәндік-қолданбалы өнермен батикпен, бейнелеу өне­ріндегі кескіндемемен, графикамен айналысқан. В.Е.Крест­ни­ковтың жұмыстары Сол­түстік Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейінің қо­рында сақтаулы. 1970 жылы С.Мұқановқа «Петропавл қа­ла­­сының құрметті азаматы» атағы бе­рі­луіне бай­ланыс­ты осы портретті сый­­­­лық ретінде ұсынған.

Бұл түрлі-түсті былғарыдан өрнектелген жә­дігердің ерекшелігі сонда: Сә­­беңнің келбетін ке­лістіре жасап, Қы­зылжар өңі­рінің әсем таби­ғатымен ас­тастыра бейнелеген. Ақ қайың­дар өл­­ке­сінің азаматы екені аңға­рылып тұр.

Наргиза ТАСМАХАМБЕТ,

Алматыдағы C.Мұқанов пен 

Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық

музей кешенінің қор сақтаушысы

Бөлісу:
Былғарыға өрнектелген бейне · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар