Экономика
1 мин оқу 332

Өңірлердегі мұнай базаларына тексеріс жүргізіледі

<p class="p2" style="text-align: justify;"><span class="s2">Өңірлік штабтарға&nbsp;жасанды жанар-жағармай тапшылығын болдырмау үшін мұнай базаларына тексеру жүргізу тапсырылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Өңірлердегі мұнай базаларына тексеріс жүргізіледі

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен жанар-жағармай (ЖЖМ) нарығындағы ахуал бойынша кеңес өтті.

Жалпы ел бойынша дизель отынының жиынтық қоры 308,56 мың тоннаны құрайды, бұл 2023 жылғы 1 қаңтардағы қормен салыстырғанда 59 мың тоннаға артық.

Сонымен қатар кейбір өңірлерде жекелеген жанармай құю станцияларында дизель отынын сатуда шектеулер байқалады.

Осыған байланысты ЖЖМ ішкі нарығын қамтамасыз ету үшін:

Өңірлік штабтарға (ЖАО, БҚДД, МКД, ЭТД, ТМРД) ЖЖМ жасанды тапшылығын тудырмау мақсатында өңірлік мұнай базаларын комиссиялық тексеру жөнінде шаралар қабылдау;

Бұзушылық фактілері болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы немесе доминантты әрекеттері бойынша тергеу жүргізу тапсырылды.

Бөлісу:
Өңірлердегі мұнай базаларына тексеріс жүргізіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар