Елорда
2 мин оқу 390

Астанада құрғақ шөп пен қамыс өртенді

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Астана қаласында табиғи өрттерге қарсы іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл туралы мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Елордадағы өрт мәселесі Астана қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында көтерілді. Спикердің айтуынша, өткен жылы құрғақ шөп пен қамыстың өртенуі бойынша 313 оқиға тіркелген.

«Бір аптаның ішінде 1 500 шаршы метрден асатын аумақта құрғақ шөп пен қамыстың өртенуі бойынша 6 оқиға тіркелді. Өткен жылы 313 жағдай тіркелген еді. Орман және дала өрттерінің алдын алу мақсатында биыл елорда аумағында табиғи өртке қарсы іс-шаралар жоспары әзірленді. Қала шекарасының периметрінде 6 бағыт бойынша жылжымалы күзет бекеттері ашылды», деді Еркін Отарымғалиұлы.

Осы орайда өрт бақылау басқармасының бастығы қауіпсіздік ережелерін назардан тыс қалдырмаудың маңыздылығына тоқтала кетті:

  • кез келген ашық от көзімен жұмыс істегенде сақ болыңыз;
  • жеке орналасқан тұрғын үй маңындағы аумақтарды уақытылы тазалап тұру керек;
  • табиғат аясына шыққанда сіріңкені абайлап қолданып, темекі қалдығын тастамау керек;
  • балалардың сіріңке және отпен ойнауына жол бермеңіздер;
  • аң аулау кезінде жанатын материалдарды қолданбау қажет;
  • ғимараттардың жанында от және қоқыс жағуға болмайды;
  • табиғат аясына демалысқа шыққанда жаққан жалынды толық сөндіріп кету керек. Себебі шала сөнген от өртке әкелуі мүмкін;
  • шыны ыдысты және сынған әйнекті қалдырмаңыздар. Өрт басталған жағдайда болса сумен, ағаштың бұтағымен немесе құм себу арқылы сөндіруге тырысу қажет.
Бөлісу:
Астанада құрғақ шөп пен қамыс өртенді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар