Ауа райы
1 мин оқу 314

Ертең дауыл соғып, үсік жүреді

<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 2023 жылдың 8-10 сәуіріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады – жаңбыр жауып, солтүстікте, шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. 9 сәуірде оңтүстік-батыста қатты жаңбыр жауып, оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда – қатты жауын-шашын жауады. 10 сәуірде оңтүстікте қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел соғып, тұман түседі: оңтүстік, батыс өңірлерде шаңды дауыл соғып, күн күркірейді; солтүстікте, шығыста және орталықта көктайғақ қаупі бар. Батыста және оңтүстік-шығыста 3 градус үсік жүреді», делінген синоптиктердің болжамында.

Бөлісу:
Ертең дауыл соғып, үсік жүреді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар