Доллар бағамы төмендеді
<p style="text-align: justify;">Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,11 теңгеге төмендеп, 445,01 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Еуро, юань және рубль бойынша сауда болған жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын - 487,84 теңге, юань бағамын - 65,05 теңге, рубль бағамын - 5,54 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар - 445-450 теңге, еуро - 485-491 теңге, ресей рублі - 5,4-5,7 теңге аралығында сатылып жатыр.
Мұнай бағасы ОПЕК+ шешіміне байланысты сәл өсті. Осы аптада Brent маркалы мұнай баррелінің құны ОПЕК+ елдерінің «қара алтын» өндірісін қысқарту туралы хабарламалары аясында 86 доллардан асты.