Қоғам
1 мин оқу 340

Хайуанаттар бағында кішкентай қыз сындырған әйнекті демеуші төлейтін болды

<p style="text-align: justify;">Шымкентте хайуанаттар бағындағы қоршаудың сынған әйнегіне қатысты оқыс оқиға тараптардың татуласуымен шешілді. Сонымен қатар залалды өтейтін демеуші де табыла кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Хайуанаттар бағында кішкентай қыз сындырған әйнекті демеуші төлейтін болды

«Қыздың ата-анасы хайуанаттар бағы әкімшілігінің БАҚ арқылы таратқан ескертуінен құлағдар болып, мекемеге келген, кешірім сұраған. Осыдан кейін хайуанаттар бағының басшылығы олардың үстінен түсірген арызын кері қайтарып алды. Сондай-ақ қоршау әйнегін қалпына келтіру шығынын толық өтеуге дайын демеуші де табылды», делінген Otyrar.kz таратқан ақпаратта.

Өз кезегінде хайуанаттар бағының басшылығы мұндағы қарапайым ережелерді сақтауды сұрайды.

- әйнекті ұруға болмайды;

- жануарларды тамақтандыруға, оларды мазақ етіп, ашуландыруға болмайды;

- хайуанаттар бағындағы ескерту белгілерін елеп-ескеру қажет.

Айта кетсек, 5 сәуірде Шымкентте кішкентай қыз маймылдар отырған қоршаудың әйнегін сындырып алғаны хабарланған болатын. Оқыс оқиғаға куә қыздың ата-анасы хайуанаттар бағынан тез кетуге асыққан. Хайуанаттар бағы басшылығы егер ересектердің өздері мекемеге келіп, кешірім сұрамаса, онда қалалық полиция департаментіне арызданатындарын мәлімдеді.

Бөлісу:
Хайуанаттар бағында кішкентай қыз сындырған әйнекті демеуші төлейтін болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар