Ауа райы
1 мин оқу 900

Ертең ауа райы қандай болады?

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК синоптиктері 9 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанда ауа райының тұрақсыз сипаты сақталып, қатты жел және жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Ертең ауа райы қандай болады?

Қазақстан территориясы бойынша ауа райының синоптикалық ахуалы мен қауіпті құбылыстарының 9 сәуірге арналған болжамы:

Республика аумағының басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады, осыған байланысты тұрақсыз ауа райының сипаты күтіледі, еліміздің оңтүстік-батысында, шығысында, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады, оңтүстік-шығыс өңірдің таулы аудандарында кейде қатты жауын-шашын жауады. Еліміздің тек солтүстігі, солтүстік-батысында және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республикамыз бойынша қатты жел тұрады деп болжанады, еліміздің солтүстігінде, шығысында – тұман, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды.

Алматы облысының таулы аудандары мен тау бөктерінде, Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, түнде орталықта, күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады деп болжанады. 

Түнде еліміздің солтүстігінде, Жетісу облысының таулы аудандарында сынап бағаны 2 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді. 

Бөлісу:
Ертең ауа райы қандай болады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар