Қоғам
1 мин оқу 410

Павлодарда балаға қол көтерген тәрбиеші жұмыстан шығарылды

<p style="text-align: justify;">Павлодар балабақшаларының бірінде баланы шапалақпен ұрған тәрбиеші жұмыстан босатылды. Ал мекеме басшысына қатысты тәртіптік жаза қолданылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&nbsp;<a href="https://pavlodarnews.kz/kz/d%D3%A9rek%D1%96l%D1%96k-tanit%D2%9Ban-pavlodarda-balaba%D2%9Bsha-t%D3%99rbiesh%D1%96s%D1%96-zh%D2%B1mistan-bosatildi" target="_blank" rel="nofollow noopener noreferrer">Pavlodarnews.kz</a>-ке сілтеме жасап.</p>

Павлодарда балаға қол көтерген тәрбиеші жұмыстан шығарылды

Әлеуметтік желіде балабақшада түсірілген видео тарап жүр. Бейнекадрдан тәрбиешінің баланы шапалақпен соғып, көрпемен жауып жатқанын көруге болады.

Павлодар қаласының білім беру бөлімі балаларға дөрекілік таныту фактісі бойынша №28 балабақшада қызметтік тергеу жүргізілгенін хабарлады.

«Тергеу қорытындысы бойынша ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес тәрбиеші теріс себептермен жұмыстан шығарылды»,  деп жазды білім беру бөлімінен.

Сондай-ақ тәрбиешілердің қызметін бақылауды әлсіреткені үшін мектепке дейінгі ұйым басшысына қатысты тәртіптік жаза қолданылған.

Бөлісу:
Павлодарда балаға қол көтерген тәрбиеші жұмыстан шығарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар