Спорт
1 мин оқу 340

«Қайрат» өз алаңында «Жетісу» командасынан ұтылып қалды

<p style="text-align: justify;">Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 5-турында алматылық &laquo;Қайрат&raquo; өз алаңында талдықорғандық &laquo;Жетісуға&raquo; есе жіберді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

«Қайрат» өз алаңында «Жетісу» командасынан ұтылып қалды

Кездесу барысында алматылық клуб алғашқы минуттан белсенділік көрсетті. Нәтижесінде олардың қатарынан 37-минутта Виктор Васин есеп ашты.

Ойынның 54-минутында «Жетісу» сапынан Рати Ардазишвили таразы басын теңестірді.

Ал 74-минутта Андрей Ульшин қайтадан «Қайратты» алға шығарса, талдықорғандық клубтан Мәди Хасейн 80, Руслан Теверов 90-минутта екі гол соғып кетті.

Осылайша «Қайрат» қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберді.

Бұл - алматылық клубтың биылғы біріншіліктегі алғашқы жеңілісі болса, талдықорғандық клубтың бірінші жеңісі.

Енді елорда уақытымен сағат 19:00-де «Тобыл» (Қостанай) мен «Астана» жасыл алаңға шығады.

Аталған турды сағат 21:00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Ақтөбе» командалары түйіндейді. 

Бөлісу:
«Қайрат» өз алаңында «Жетісу» командасынан ұтылып қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар