Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды
<p style="text-align: justify;">Астана қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен ересектер арасында Азия чемпионатында қазақстандық Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Ол финалда ирандық Насер Гасем Əлизадеге есе жіберді.
Қазақстандық балуан бұған дейін жартылай финалда қырғызстандық Атабек Азисбековті жеңсе, ширек финалда өзбекстандық Жалғасбай Бердімұратовтан басым түсті.
Сондай-ақ бүгін Әлімхан Сыздықов (130 келі) қола жүлде үшін белдеседі.
Қазірге дейін ел құрамасынан Аманғали Бекболатов (55 келі) пен Мұхамедалі Мамырбек (63 келі) қола жүлде алды.
10 сәуірде грек-рим күресінен қалған салмақтарда жүлделер сарапқа салынады.
Ал 11-12 сәуірде әйелдер күресінен сайыстар өткізіледі.
Сәуірдің 13 мен 14 аралығында еркін күрестен жарыс өз мәресіне жетпек.