Әлемдегі ең қауіпті жанартаулардың бірі оянды
<p style="text-align: justify;">Колумбияда Невадо-дель-Руис жанартауының оянуына байланысты қауіпті ескертудің қызғылт сары деңгейі жарияланды. Жанартау маңайында 180 жер сілкінісі болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Невадо-дель-Руистің сейсмикалық қаупі жанартаудың оңтүстік-батыс секторында 2-ден 4 км-ге дейін және кратерден 1,7-ден 6 км-ге дейінгі қашықтыққа таралды.
Бұл вулкан арналары ішіндегі сұйықтықтардың қозғалысына байланысты. Бірнеше рет күл атқылады, бұл жанартауды бақылауға қолданылатын веб-камералар арқылы расталды. Elespectador басылымының хабарлауынша, қызғылт сары деңгейдегі қауіп алдыңғы күндермен салыстырғанда өзгеріп, төмендеуі мүмкін, бірақ бұл оның белсенділіктің төменгі деңгейіне жетті деген сөз емес.