Оқиға
1 мин оқу 520
Қызылордада 11-сынып оқушысы пышақ жарақатын алды
<div class="description" style="text-align: justify;">Қызылордада 11-сынып оқушылары арасында төбелес болып, бір жеткіншек пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div>
Зардап шегуші ауруханаға жеткізілген, тиісті ем алып үйіне жіберілді.
Осы оқиғаға байланысты шаһардағы мектеп-лицейлердің бірінде директордың екі бірдей орынбасары жұмыстан шығарылды.
Олар өз міндетін дұрыс атқармай, қателік жібергені үшін орнын босатқан. Ал мектеп директорына қатысты қатаң жаза қолдану жайы қарастырылып жатыр.
Бөлісу: