Сарбаз өлімі: Сотталған жігіттің анасы сот шешімімен келіспейтінін айтты
<p style="text-align: justify;">9 жылға бас бостандығынан айырылған Айболат Аманжоловтың жақындары сот шешімімен келіспейтінін жеткізді. Олар апелляциялық сотқа шағым түсірмек, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Марқұмның туыстары мен сотталушының анасы тергеудің атүсті жүргізілгенін айтып, жазықсыз сарбаздың сотталмауын сұрады. Адвокат та бұл шешімнің негізсіз екенін атап өтті.
«Танысқанына 4 күн болған балалар бір-бірін өлтіруі мүмкін емес, оған мотив жоқ», дейді адвокат Жанар Нусупбаева.
Әлібек Қалбайдың өліміне кінәлі деп танылған сарбаз небәрі 18 жаста. Ол үйінің үлкені. Отбасында Айболаттан кейін 6 бала бар.
Еске сала кетейік, бұған дейін атыраулық сарбазға қатысты сот үкімі шыққанын хабарлаған едік.