Қоғам
1 мин оқу 300

Кейбір шаруалар мемлекетті алдап, артық субсидия алған

<p style="text-align: justify;">Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев кейбір фермерлер мемлекетті алдап, жалған ақпарат көрсету арқылы субсидияны артығымен алғанын айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Кейбір шаруалар мемлекетті алдап, артық субсидия алған

АШМ министрінің айтуынша, шаруалар жер көлемін еселеп көрсеткен.

«Бірқатар ірі шаруашылықта игеріліп жатқан жер мен құжатта көрсетілген жер көлемінің сәйкес келмейтіні анықталды. Онда өңделетін жерлердің көлемі көрсетілгеннен әлдеқайда аз. Яғни, норматив асыра бағаланған. Соған сай субсидия мөлшері де көп бөлінген», деді Е. Қарашөкеев.

Министр атап өткендей, фермер шын мәнінде 500 гектар жерді игерген болса, ол жердің көлемін 1 мың гектар етіп көрсетіп, қажетті нормадан тыс субсидия алып отырған.

Бөлісу:
Кейбір шаруалар мемлекетті алдап, артық субсидия алған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар