Қоғам
1 мин оқу 410

«Ұмытып кетпе мені»

<p style="text-align: justify;">Тұрар Рысқұлов аудандық орталықтандырылған кітап&shy;хана&shy;ның ұйымдастыруымен КСРО Жазушылар ода&shy;ғының мүшесі, белгілі балалар ақыны Совет Әлім&shy;құлов&shy;тың 85 жылдығына орай қаламгерді еске алуға арнал&shy;ған &laquo;Ұмытып кетпе мені&raquo; тақырыбында элегия кеш ұйым&shy;дас&shy;тырылды.</p>

«Ұмытып кетпе мені»

Іс-шараға арнайы келген ақынның ұлы, Қазақстан Ж­азушылар одағының мү­шесі Бақытжан Советұлы әкесі ту­ра­лы жылы естелік­те­рімен бөлісті. Сондай-ақ ол оқу­шылар арасында ұйымдас­ты­рылған «Әлімқұлов оқу­лары» байқауының жеңімпаздарын марапаттап, әкесінің өлеңдерін жатқа оқыған жасөспірімдерге ризашылығын жеткізді.

«Ұмытып кетпе мені» та­қы­рыбында өткен іс-шара ба­­ры­сында белгілі ақын­ның ба­­уыр­лары Абзабек, Ис­ламбек Әлімқұловтар қа­лам­гердің кісілік бейнесі, шы­ғармашылығы туралы пі­­кір­лерін ортаға салса, Қа­зақ­станның еңбек сіңірген әртісі, театр актері Асқарбек Сейілхан әкесінің өлеңдерін наси­хаттауда аянбай еңбек етіп жүрген Бақытжан Совет­ұлына, аудандық кітапхана ұжымына алғысын білдірді.

«Жұрт балалар ақыны ре­тінде таныған Совет Әлім­­құлов­тың лирикалық өлең­дері де жетіп-артылады. Оның «Қол айна», «Сыбызғы», «Өрім­­тал» секілді өзге де жи­нақ­тары оқырман қауымды бау­рап алатыны рас. Балалар әле­мі­нің бағбанына айналған ақын­ның шығармалары жас ұрпақпен бірге ұзақ жасай­тынына күмәніміз жоқ», деді Қазақстан Жазу­шылар одағы облыстық филиа­лының директоры, ақын Хамит Есаман әдеби кеште сөйлеген сөзінде.

Аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаевтың айтуынша, Тұрар Рысқұлов ауданынан шыққан қаламгерлердің шығармаларын насихаттауға арналған іс-шаралар легі мұ­нымен тоқтап қалмақ емес. Әдемі әндермен әдіптелген кеш ақын сөзіне жазылған «Ұмы­тып кетпе мені» әнімен түйін­делді.

Жамбыл облысы,

Тұрар Рысқұлов ауданы,

Құлан ауылы

Бөлісу:
«Ұмытып кетпе мені» · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар